затёк — затёк, а … Русский орфографический словарь
затёс — затёс, а … Русский орфографический словарь
затёс — затёс … Словарь употребления буквы Ё
затёк — затёк, затёки, затёка, затёков, затёку, затёкам, затёк, затёки, затёком, затёками, затёке, затёках (Источник: «Полная акцентуированная парадигма по А. А. Зализняку») … Формы слов
затёс — затёс, затёсы, затёса, затёсов, затёсу, затёсам, затёс, затёсы, затёсом, затёсами, затёсе, затёсах (Источник: «Полная акцентуированная парадигма по А. А. Зализняку») … Формы слов
затёс — м.; = затесь 1. процесс действия по гл. затёсывать 2. Результат такого действия; небольшой срез, стёсанное место на стволе дерева, бревне и т.п.; затёска 2.. Толковый словарь Ефремовой. Т. Ф. Ефремова. 2000 … Современный толковый словарь русского языка Ефремовой
затёк — затёк, а … Русский орфографический словарь
затёс — затёс, а … Русский орфографический словарь
затёс — затёс … Словарь употребления буквы Ё
затёк — затёк, затёки, затёка, затёков, затёку, затёкам, затёк, затёки, затёком, затёками, затёке, затёках (Источник: «Полная акцентуированная парадигма по А. А. Зализняку») … Формы слов
затёс — затёс, затёсы, затёса, затёсов, затёсу, затёсам, затёс, затёсы, затёсом, затёсами, затёсе, затёсах (Источник: «Полная акцентуированная парадигма по А. А. Зализняку») … Формы слов
затёс — м.; = затесь 1. процесс действия по гл. затёсывать 2. Результат такого действия; небольшой срез, стёсанное место на стволе дерева, бревне и т.п.; затёска 2.. Толковый словарь Ефремовой. Т. Ф. Ефремова. 2000 … Современный толковый словарь русского языка Ефремовой
Сөз түрлері: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз таптары: Зат есім, түрлері, зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Сөз табы – лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Сөздерді топтастырудың үш принципі бар: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.
Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын:адам, мектеп, табиғат;сын есім заттың сынын:жақсы, биік, қара, таза, үлкен;сан есім заттың санын:үш, жеті, елу, мың;етістік істің қимылын:бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.
Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызмет деп аталады.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз
тудыру тәсілі мен түрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.
Сөз түрлері
Атауыш
Көмекші сөздер
Одағай сөздер
Атауыш сөздер – лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.
Көмекші сөздер – лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.
Одағай сөздер – адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Мысалы: кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші,т.б.
Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.
Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады.
Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер? – бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды. Тілекке– кімге? –толықтауыш,әкесінің– кімнің? – анықтауыш, сөзі –несі?– бастауыш. Елдос Астанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді.Астанадан– қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш, ұшақпен –немен?– толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.
Адамгершілік зат есімі сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп келіп те сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.
Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.
Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.
«Современная профориентация педагогов и родителей, перспективы рынка труда и особенности личности подростка»
Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику
( Қазақ грамматикасы бойынша )
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі- зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды (А.Ысқақов).
Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер.
Зат есімнің жасалуы
Зат есім негізгі және туынды зат есімдер, күрделі зат есімдер болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, жақсы-лық, айт-ыс, т.б.
Күрделі зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: өнеркәсіп, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, т.б.
Зат есім тудыратын жұрнақтар
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша арқылы жасалатын туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен 2 топқа бөлініп жүр:
1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
2) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
Адамзат және ғаламзат есімдері
Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілінен ерекшелеп, даралап көрсетіп тұратын белгінің бірі- осы адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағына тек адамды, кісіні білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімнің басқа түрлері болса, олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағына жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді 3 жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімнің қалған тобы І, ІІ жақта жіктелмей айтылады. Мысалға, ұстаз, көрші, адам, Арман деген секілді адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұларды кез келген жіктеу есімдіктерімен қосып, мен ұстазбын, сен адамсың, ол көрші деген тәрізді ретпен І жақта да, ІІ жақта да, ІІІ жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, надандық, бұрылыс тәрізді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат есімдердің бірден-бірі өздерінің тура мағынасында жұмсалғанда, жіктік жалғауының І, ІІ жағын қабылдамайды.
Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер
Қазақ тіліндегі зат есімдер семантикалық сипаты жағынан жалпы есімдер және жалқы есімдер деп аталатын негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы есім деп бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді атайды да, жалқы есім деп жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді айтады.
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады (А.Ысқақов).
Жеке я дара заттарға берілген белгі-ат ретінде ғана жұмсалатын зат есімдерді жалқы есімдер дейміз (А.Ысқақов).
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер арасындағы грамматикалық ерекшеліктер:
жалқы есімдер жекеше түрде айтылып, көптік жалғауын қабылдамайды;
Жалпы есімдер 2 бірдей тұлғада, әрі жекеше, әрі көпше түрде жұмсала береді.
Жалқы есімдерге көптік жалғауы мынадай түрде ғана жалғанады:
1. Армандар Астанадан келді. Абайлар заманы, т.б.
2. ағайынды Абдуллиндер, ерлі-зайыпты Әмірхановтар, т.б.
Көптік мәнді есімдер
Көптік жалғауы жалғанбаған сөздің ешбіреуі көптік мағынаны білдірмейді деген қорытынды жасауға болмайды. Жекеше тұлғада тұрған сөздің лексикалық мағынасына үңіліңкірей қарау – олардың бәрінің бірдей әркез жекешелік мәнді аңғарта берілмейтіндігін көрсетеді. Мысалы: Бұл жігіт- жігіттің төресі.
Затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз (А.Ысқақов).
Зат есімнің жекеше, көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай, сөздің ішкі лексикалық мағынасына байланысты болып келуін көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі дейді. Қазақ тілінде сөз тура мағынасында жұмсалғанда, көптік жалғаудың жалғануын қажет етпейтін біраз сөздер бар. Мұндай сөздердің бірқатары жалпылық мәнде жұмсалып, көптік, жекешелік мағынаға бейтарап болып келеді. Ондай сөздердің басты-басты лексикалық топтары төмендегіше:
1) Әлеуметтік кәсіп түрінің атауышы болып келетін сөздер. Мысалы: егіншілік, ақындық, т.б.
2) Жұрнақтар арқылы жасалатын мағына дерексіз зат есімдер де осы топқа кіреді: достық, сыйластық, жоқшылық.
3) Жұп нәрселердің атын білдіретін қолғап, етік, сырға, кебіс секілді сөздер.
4) Бір-бірімен жұптасып келетін егіз дене мүшелерінің атын білдіретін сөздердің кейбір контексте қолданылуында да ұқсастық бар. Мысалы: Аяғыңа етік ки. Көзі бақырайды.
5) Қимылдың, процестің, күй-жайдың атауышы болып келетін зат есімдер де көптік тұлғада жұмсала бермейді. Мысалы: күлкі, күйініш, реніш.
6) Ғылым салаларының аты да үнемі көптік жалғаусыз айтылады. Мысалы: физика, тарих, диалектология, т.б.
Көптік мағына тудырудың жоғарыда аталған амалдарының бірі – синтаксистік тәсіл. Көптік мағынаның сөз өз бойындағы морфологиялық, яки лексикалық белгілеріне байланысты болмай, оның басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынас арқылы көрінуі синтаксистік тәсіл деп аталады. Синтаксистік тәсіл арқылы пайда болатын көптік мағына бар есімдер:
1) Сан жағынан заттың біреу емес, бірнешеу екендігін білдіру үшін оның атауышы болып келетін сөздердің алдына септік сан есімдерді қойыпайту тәсілі. Мысалы: жүзге тарта адам, он шақты кітап, көп күн, аз кісі.
2) Есімдермен синтаксистік байланыста жиі айтылатын сөздердің бір парасы – біраз, бірқатар, бірталай, бірқыдыру, бірнеше, бірсыпыра тәрізді сөздер. Мысалы: біраз қой, бірталай жан, т.б.
3) Зат есімдер анықталушы сөз ретінде барлық, бар, бәрі, күллі, барша, һәмме секілді жалпылауыш есімдіктермен тіркесіп келгенде де көптік мағына білдіреді. Мысалы: барлық ұлт, барша мүлік, т.б.
4) Қос сөздер тұлғалы зат есімдер- а) мағына жағынан біріне-бірі жуық келетін 2 зет есімнің қосарлануы. Мысалы: ағайын-туған, құрал-сайман, т.б. б) мөлшер және бейнелеу мағынадағы зат есім түбірінің 2 дүркін қайталануы. Мысалы: үйір-үйір, қора-қора, т.б.
Көптік тұлға Көптік мағына
кітаптар, киімдер, т.б. жекеше, көпше. Мысалы:
он шақты бие, біраз қалам, т.б.
Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер
Заттың атауы ретінде жұмсалатын зат есімдер субстантты білдіретін сөздер. Ешқандай тұлғалық ен-таңбаның көмегінсіз-ақ олар сол түбір қалпында тұрып-ақ заттың атын білдіре алады.
Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер
Зат есім құрамындағы эмоциялы-экспрессиялы сөздерді мынадай 2 топқа бөлуге болады:
2) Кісінің көтеріңкі көңіл-күйіне байланысты қолданылатын сөздер: қуаныш, күлкі, достық, құрмет.
Сол сияқты сыни реңі бар арамза, пәлекет, жексұрын, малғұн тәрізді кісінің біреуге деген кейістігін, наразылығын танытатын сөздер де І топтағы эмоция-экспрессия реңді есімдер қатарына жатады.
Қаратпа мәнінде қолданылатын сөздердің құрамы жиі ұшырайтын тәуелдіктің І жақ жекеше түріндегі қарағым, шырағым, айым, күнім, сонымен бірге –еке қосымшасымен келетін ағаеке, апеке, атеке дегендер де осы сияқты.
Есімдердің эмоциялы-экспрессиялы мәнінің айқындала, саралана түсуі олардың сөйлемде, контексте қалай қолданылуымен шарттас.
Көмекші есім дегеніміз- зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы. Жеке алып қарастырғанда, олар морфологиялық тұрғыдан зат есімнің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер. Көмекшілік қызметте жұмсалатын кезде бұл сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрып тәуелдеулі септіктің үлгісімен септеледі.
Көмекші есім де зат есім сияқты нақтылы 1 ұғымның аты, атауышы болатын сөздер. Зат есімдерден айырмашылығы мағына дерексіз болып келеді және семантикалық тұрғыдан алғанда нақтылы 1 ұғымды өзінен бұрын тұрған есім сөзге тіркесу арқылы, соның шылауында айтылу арқылы ғана көрсете алады.
1) Горизонталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: алды, арты, қасы, жаны, маңы, тұсы, шеті, жан-жағы, айналасы, төңірегі. Мысалы: Ахметтің алдына, үй артында, әкемнің қасына, қыстаудың жанында, т.б.
2) вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: асты, үсті, беті, түбі. Мысалы: үстел үстіне, шаң астына, бергі беті, үйдің төбесі, арбаның түбі, т.б.
3) Көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: іші, сырты, ортасы, арасы. Мысалы: бөлме ішіне, үй сыртында, ел арасында, т.б.
Ескерту (А.Ысқақов): І. Көмекші есім қайталанып та қолданылады, бірақ ондайда қайталану арқылы туған жаңа форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады. Мысалы: Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады.
ІІ. Көмекші есімдердің кейбір лексикаланып та, идиомаланып та кеткен тіркестері кездеседі. Мысалы: Мал кешкі өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер еленбейтін кезде аттанып кеткен.
Зат есімнің құрылымы
Морфологиялық құрамы жағынан қазақ тіліндегі зат есімдерді түбір сөзден, туынды сөзден, біріккен сөзден, қос сөзден, қысқарған сөзден, сондай-ақ күрделі құрылымнан тұратын зат есімдер деп бөлуге болады.
Түбір – сөздің морфологиялық тұрғыдан әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлшегі. Мысалы: естияр, есті, есуас, есалаң.
Туынды сөз – жұрнақтың түбірге жалғануы арқылы пайда болатын сөз. Мысалы: басшы, бастаңғы, бастық, басқарма.
Күрделі зат есімдерде тұтас 1 ұғымды білдіретін атау ең кем дегенде 2 сөзден тұрады, сырт белгілері жағынан мұндай күрделі есім сөздердің тіркесіне ұқсайды. Мысалы: шүрегей үйрек.
Зат есімнің түрлену жүйесі
Зат есімнің түрленімі дейтін түсінік оның жекеше, көпше түрде қолданылу, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолданылу жүйесін қамтиды.
Көп, мол, бірнеше бірталай: көп адам, жиырма шақты оқушы, т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденген сөз 3 жақтың бірінде тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Бір я бірнеше заттың 1 ғана адамға меншікті екенін білдіру- оңаша тәуелдеу, бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру- ортақ тәуелдеу.
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік: Кім? Не?
Ілік септік: Кімнің? Ненің?
Барыс септік: Кімге? Неге?
Табыс септік: Кімді? Нені?
Жатыс септік: Кімде? Неде?
Шығыс септік: Кімнен? Неден?
Көмектес септік: Кіммен? Немен?
(Барыс, жатыс, шығыс, көмектес)
Тек заттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатыстық мәнін білдіреді.
Заттық мәннен яғни объективтік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыныңқылық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады.
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Әдетте І, ІІ жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, ІІІ жақта кез келген зат есімдер бола береді.
Зат есімнің синтаксистік қызметі
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның қай септік жалғауында жұмсалуымен байланысты.
1) Бастауыш. Таулардан өзен ағар сарқыраған.
2) Баяндауыш – жіктеліп жұмсалады. Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.
3) Анықтауыш – ілік септігі, түбір тұлғасында. Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.
4) Толықтауыш – табыс септігі, барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
5) Пысықтауыш – барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі, мезгіл, мақсат, мекен-бағыт, себеп шылаулармен тіркеседі. Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап.
Зат есімнің жасалу тәсілдері (А.Ысқақов)
1)Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
2) Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі 2 я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған зат есімдер жатады.
3) Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы, атшылық, басшылық, т.б.
Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар
Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар
Етістіктен етістік тудыратын: жұлқы, сырғы.
Етістіктен сын есім: жинақы, бұралқы.
Есімдерден туынды сын есім: қайдағы, қашанғы.
5. –у омоним: зат есім тудырады – ауру, қашау. Сын есім тудырады – жүдеу, бітеу. Етістік – оқу, байқау.
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар
Реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
7. –шақ (-шек): келіншек, шынашақ
10. –ш: қалқаш, серкеш
11. –сымақ: ақынсымақ, батырсымақ
Бұл жұрнақ категориясы ретінде қалыптасып кетпеген, жұрнақ пен көмекші (шылау) сөз категориясы арасында тұрған форма.
Зат есім, зат есімнің түрлері: анықтама, ережесі, мысалдар
Зат есімнің лексикалық-семантикалық қатары (Лексико-семантические разряды существительного) 1. Нақтылы (деректі) зат есім – көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат атауы.
(Конкретные имена существительные – название отдельных ощущаемых, видимых предметов). Мысалы: мектеп, әріп, қала, Азамат, үй, қоян т.б. 2. Жалпылық (дерексіз) зат есім – көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын заттар атауы. ( Абстрактные имена – отвлеченные понятия).
Мысалы:намыс,әдет,егемендік, мінез т.б.
3. Жалпы зат есім – бірыңғай заттардың, нәрселердің жалпылама атауы. (Нарицательные имена – общее название каких-либо предметов). Мысалы: кітап, қалам, қоян, есік, шаш, қол, доп т.б.
4. Жалқы зат есім – адамның аты-жөні, бірыңғай заттың дараланған жеке атауы. Жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады. Мемлекеттік жоғары қызмет бабы, құрмет тақтарының аттары жалқы есімге жатып, барлық сөзі бас әріппен жазылады. Жалпы қызмет бабының аттары мен жай атақтың алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады.
(Собственные имена – имена людей,отдельные названия общих наименований предметов.
Собственные имена пишутся с заглавной буквы. Названия высших государственных должностей относятся к собственным именам и все слова в их составе пишутся с заглавной буквы. В названиях общих должностей и в званиях с заглавной буквы пишутся только первые слова).
Мысалы: Абай, Құлагер, Еңбек Ері, Оқу министрі, Ғылым академиясы т.б. Есте сақта. (Запомни).
Күрделі есім құрамындағы анықтауыш екінші сөз болып келсе, онда ол кіші әріппен жазылады.
(Определение, находящееся в составном имени на втором месте, пишется с маленькой буквы). Мысалы: Баян сұлу, Ақан сері (бірақ, Ақсақ Темір, Жаяу Муса) т.б.
5. Жанды зат есім – тек адамға байланысты атаулар. (Одушевленные имена – к ним относятся существительные, обозначающие людей).
6. Жансыз зат есім – адамдар атауынан басқа барлық заттың атауы. (Неодушевленные имена – все прочие названия предметов, кроме людей.
7. Заттық зат есім – заттық ұғымның атауы. (Вещественные имена – названия веществ).
Мысалы: көмір, сүт, үн, мұнай т.б.
8. Жинақтау зат есім – бірыңғай заттардың жалпы атауы. (Собирательные имена – названия совокупных однородных веществ). Мысалы: жастық, жан-жануар, туыс-бауыр т.б.
Зат есімнің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки существительного)
Зат есімнің 3 түрлі грамматикалық категориялары бар. (У имени существительного есть 3 грамматических категорий). 1. Жекелік және көптік категориясы (категория мн.числа и лица). 2. Тәуелдік категориясы (категория принадлежности). 3. Септік категориясы (категория падежа). Мысалы: бала+лар+ы+мен т.б. Зат есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі (Синтаксическая роль существительного в предложении) Зат есім сөйлем ішінде бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш бола алады.
1. Бастауыш – зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып, бастауыш болады. (основная грамматическая форма подлежащего – именительный падеж) Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.).- не? Бастауыш.
2. Толықтауыш – зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында болады. (существительное имеет грамматические формы всех падежей, кроме именительного и родительного, являясь дополнением) Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан (С.С.).- нені? Толықтауыш.
4. Пысықтауыш – зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. (существительное находится в дательном, местном, исходном, инструментальном падежах или сочетается со служебными именами, послелогами, являясь обстоятельством) Мысалы: Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.).- қайда? Пысықтауыш
5. Баяндауыш – зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде болып, баяндауыш болады. (существительные имея личные окончания или находясь в именительном падеже, являютя сказуемым) Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.).- кімімін? Баяндауыш. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы мұз. – не?
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена)
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена) Көмекші есімдер – лексикалық мағынасы солғындау, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдер. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысады, яғни негізгі есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Көмекші есім зат есім секілді көптеледі,тәуелденеді, септеледі. Септелгенде олар тәуелдік жалғауын жалғап барып септеледі. Көмекші есімдер қосарланып та келеді. Негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады. (Служебные имена – имена, частично сохранившие лексическое значение, выполняющие роль вспомогательных слов в сочетании со словами с полным лексическим значением. Служебные имена сочетаются с именами в родительном падеже, то есть непроизводные имена имеют окончания родительного падежа, а служебные имена – притяжательные окончания. Служебные имена как и имена существительные могут иметь форму единственного и множественного числа, образуют формы принадлежности и изменяются по падежам. По падежам они изменяются в форме принадлежности. Встречаются и парные служебные имена. В сочетании с производными именами служебные имена в основном выступают в качестве сложных объстоятельств). Жиі қалданылатын көмекші есімдер (часто используемые служебные имена): алды, арты, үсті, шеті, басы, айналасы, іші, беті, сырты, бойы, маңы, төңірегі, жағы, тұсы, арасы, асты, қасы, жаны, түбі, ортасы, жағасы, жүзі, қыры, маңайы, жан-жағы, үсті-басы, басы-қасы т.б. Мысалы: үйдің сырты, үйімнің қасында, үйіңіздің жанында, баланың қасы, столдың асты, елдің арасында, жол үсті, есік алды, жер асты.(около дома, под столом, среди людей и т.д). Көмекші есімнің септелуі (изменение служебных имен по падежам) А.с. сырты, үстім І. с. сыртының, үстімнің Б.с. сыртына, үстіме Т.с. сыртын, үстімді Ж.с. сыртында, үстімде Ш.с. сыртыңнан, үстімнен К.с. сыртымен, үстімен